«ӨзгерIS» іс-шарасы
Жас буынның өмірлік жолын қалыптастыру және жеке табысқа қол жеткізу мүмкіндігін арттыру жолында «ӨзгерIS» шарасы жүзеге асырылады. Шараның басты мақсаты – жастарды 5 түрлі бағыттар бойынша топтарға бөліп арнайы менторлармен жұмыс жасау мүмкіндігін беру болып табылады. Іс-шара 2 кезеңнен тұрады: І кезең – жастар арнайы бекітілген менторлармен өзін-өзі дамыту, саяси белсенділік, экобелсенділік секілді бес бағыт бойынша жұмыс жасап, келесі кезеңге өтеді. ІІ кезеңде алғашқы кезеңді сәтті аяқтаған жастар жаңа жинақталған топтарға ментор болу мүмкіндігіне ие болады. Жобаға қатысуға мүмкіндік беретін іріктеу кезеңі жалпыға бірдей хабарландыру жасаумен басталып, қатысушылар тізімі бұрын-соңды ешқандай жастар ұйымдарында қызмет жасамаған жастардан жасақталатын болады.