SportArtFest

«SportArtFest (cпорт, кітап оқу, өнер)» конкурсы бірнеше кезеңнен тұратын ауқымды жарыс болады.

Бастапқы кезең ауыл және аудан ішіндегі командалар арасында спорт, кітап оқу және өнер салалары бойынша  ұйымдастырылады.

Конкурстың ережесі бойынша ауыл жастары бірігіп, команда құрады. Құрылған командалар одан әрі өзара жарысады. Онлайн форматта өткізілетін ауылдық, аудандық, облыстық кезеңдерден үздік атанған әр өңірдің бір командасы республикалық кезеңге жолдама алады. Республикалық байқау Алматы қаласы маңайында арнайы фестиваль түрінде ұйымдастырылады.

Шараның соңғы кезеңінде үздік командалар республикалық турда бас қосып, әр сала бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

SportArtFest
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: