ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ
18.11.2023

ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

Еліміздің болашағы жастардың қолында. Ал жас буынның денсаулығы сол жастардың интеллектісіне, сапалы білім алуына, дүниетанымының терең болуына тікелей әсер етеді. Жастар зиянды әдеттерден аулақ болса, саналы ұрпақ та көбейеді.
 
Осы орайда, Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі «NarcoSTOP» жобасын жүзеге асырылуда. Жоба аясында Жетісу облысының білім мекемелерінде ақпараттық-профилактикалық кездесулер, студенттер арасында синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен зардаптары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. 

«Есірткінің зияны», «Нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу» және «НаркоSTOP» тақырыптары бойынша Есірткі, ойынқұмарлық және алкогольмен күрес жүргізетін Soberroad орталығының маманы, психолог, аддиктолог Балжигитов Даден дәріс оқып, практикалық әдістерді көрсетті. Іс-шараға жалпы саны 300-ге жуық жас қатысты.

НаркоStop жобасының мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың зиянды әдеттердің ағзаға тигізетін зияны туралы білімдерін тереңдете отырып, өз денсаулығына құндылық көзқарасын қалыптастыру. Сондай-ақ, жастар арасында нашақорлық пен ЖИТС-тің таралу себептерін талдау, олардың алдын алу факторларын анықтау, жақсы және жаман әдеттер, өмір салты туралы білімдерін жүйелеу және жалпылау. Балалардың салауатты өмір сүруге деген құштарлығын қалыптастыру. Айтылған іс-шара аясында «Денсаулық сақта» жастарды репродуктивті денсаулық туралы ақпараттандыру акциясы мен өзге де кездесулер мен байқаулар өткен болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: