Жетісу облысы әкімінің кубогі үшін республикалық  Jaidarman ойыны өтеді 
17.07.2024

Жетісу облысы әкімінің кубогі үшін республикалық  Jaidarman ойыны өтеді 

Жайдарман – қазіргі таңда ауқымды аудиторияны қамтыған, ең ірі жастар қозғалыстарының бірі. Жайдарлы жайдарманшылардың ұлттық болмысын қалыптастырып, ел игілігіне қызмет ететін тәлімді тәрбие беру үлкен міндет.

 

Биыл облысымызда дәстүрлі түрде өтетін Жайдарман ойындары жобасы бастау алды. Жоба аясында Жетісу әкімінің кубогі және «Жайдарман» ойындары бойынша Жетісу облысының ашық чемпионаты, жастарға арналған арнайы семинар-тренингтер ұйымдастырылатын болады.

 

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Жетісу облысы әкімінің кубогі үшін республикалық Jaidarman ойыны өтеді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: