Жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жоба жүзеге асырылды
02.12.2024

Жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жоба жүзеге асырылды

Атырау облысында жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жоба сәтті жүзеге асырылды. Жобаның басты мақсаты – жастарды жаңа медиа құралдарымен таныстырып, олардың қоғаммен байланысын нығайту, әлеуметтік желілерде контент жасау саласында қабілеттерін жетілдіру болды.

 

Жобаның аясында «Медиа» тақырыбында подкаст түсіру бойынша оқыту курсы ұйымдастырылды. Курсты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз хатшысы, журналист және тәжірибелі редактор Жәнібек Ғалым жүргізді.


Курс бағдарламасы жастарды медиа саласының негіздерімен таныстыруға бағытталды. Сабақтар аясында келесі тақырыптар қамтылды:

- Медиа сауаттылық және ақпараттық кеңістікті түсіну;

- Подкаст жанрының құрылымы мен мазмұндық ерекшеліктері;

- Storytelling әдістері және аудиториямен байланыс;

- Подкаст жабдықтары және түсіру техникасы.

 

Практикалық тапсырмалармен толықтырылған курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

 

Екінші кезеңде жоба қатысушылары өздері түсірген подкасттарды ұсынды. «JAS ATYRAU» және «ATYRAU VIBE» тақырыптары бойынша екі подкаст дайындалды. Подкасттар жастардың шығармашылық көзқарасын көрсетуге және олардың коммуникациялық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

 

Подкаст қонақтары:

- Нұркен Мағриденұлы – журналист, интервьюер, диктор, танымал подкаст жүргізуші;

- Нұргүл Саясатқызы – кәсіпкер, Түркия Бурслары бағдарламасының стипендиаты, «Bilim Station» оқу орталығының негізін қалаушы.

 

Подкаст жазбалары барысында жастар қонақтармен сұхбаттасып, storytelling негіздерін, аудиториямен байланысты нығайту әдістерін меңгерді. Сондай-ақ, сұрақ қою, тыңдай білу дағдылары бойынша тәжірибе алмасты.

 

Жоба шеңберінде түсірілген подкасттар әлеуметтік желілерде белсенді түрде таралды. Контенттің ақпараттық қамтылуы 10 000-нан аса қаралым жинап, тыңдармандардың қызығушылығын тудырды.

 

Бұл жоба жастардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде, заманауи ақпараттық технологияларды игеруде және медиа саласында жаңа есімдерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Жастар подкаст арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамда өз орындарын табу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болды.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: