«Талдау мектебі» жобасының төртінші кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды
21.11.2024

«Талдау мектебі» жобасының төртінші кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды

«Талдау мектебінің» төртінші кезеңі 2025 жылдың 11 қаңтары мен 1 наурызы аралығында ұйымдастырылады. Дәрістер дәстүрлі түрде әр сенбі сайын өтіп отырады.

 

IV кезеңнің тақырыбы – «Мәліметтерге негізделген шешімдер қабылдау (Data-Driven Decision Making) процесіндегі талдау және цифрлық тетіктер».
 

Қатысушылар сегіз апталық курстар аясында осы бағыттағы қолданбалы әдіс-тәсілдерді меңгереді.
 

Мектеп қатысушыларына белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар дәріс оқып, ментор ретінде бағыт-бағдар көрсетеді.

 

Жоба және байқау шарттары туралы толығырақ ақпаратпен Парламент Сенатының сайтында, сондай-ақ, Талдау мектебі мен Сарапшылар клубының әлеуметтік желілердегі парақшаларында танысуға болады.

 

Жобаға қызығушылық танытқан жас мамандарды байқауға қатысуға шақырады.

 

Алдыңғы кезеңдердің дәрістерін Талдау мектебінің YouTube арнасынан тыңдай аласыздар.


Тіркелу үшін

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: