Талапкерлерге екі дипломдық бағдарлама бойынша оқуға 150 грант бөлінді
19.07.2024

Талапкерлерге екі дипломдық бағдарлама бойынша оқуға 150 грант бөлінді

 ҚАЗАҚ-НЕМІС ТҰРАҚТЫ ИНЖЕНЕРИЯ ИНСТИТУТЫ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ЕКІ ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ОҚУҒА 150 ГРАНТ БӨЛДІ 
 
 

 Yessenov University базасында ашылған Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты екі дипломдық бағдарлама бойынша студенттерге Германияның жетекші жоғары оқу орындарынан білім алып, неміс стандарттарына сай диплом алуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл түлектердің алдында халықаралық мансаптық мүмкіндіктерге есік ашады және тұрақты дамуға үлес қосуға мүмкіндік береді.  


 
Білім беру бағдарламалар тізімі:  


✅ Энергетика және экологиялық инженерия (Физика және Математика)  
✅ Логистика (География және Математика)  

✅ Мехатроника (Физика және Математика)  

✅ Өнеркәсіптік менеджмент (География және Математика) 

✅ Технологиялық инженерия (Физика және Математика) 


 
Грантқа өтініш беру үшін ҰБТ-да кемінде 60 балл, әрбір секция бойынша кемінде 6 балл жинау қажет. Мемлекеттік грантқа өтініш беру 24 шілдеге дейін жалғасады.  
 

Мекенжайы: Ақтау қаласы, 32 шағынаудан, Есенов университетінің корпусы, кабинет Е104  


Байланыс нөмірі: +7 701 441 28 15.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: