
СЛОВАК РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БӨЛІНДІ
«Халықаларалық бағдарламалар орталығы» АҚ Словакия Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Словакия Республикасының Білім министрлігі арасындағы Меморандум аясында қазақстандық азаматтарға магистратура мен докторантурада оқудан өту мүмкіндігі ашылды.
Гранттар саны: 4
- Магистранттарға 2 грант
- Докторанттарға 2 грант
Негізгі шарттары:
Шәкіртақы магистранттар мен докторанттардың оқу сапарларына арналған (оқу ұзақтығы: 3 айдан 10 айға дейін).
Шәкіртақы дәреже алу үшін оқудың толық курсын қамтымайды.
Шәкіртақы келесі шығындарды қамтиды:
1) Магистранттар үшін: айына 620 евро.
2) Докторанттар үшін: айына 1025,50 евро.
Медициналық сақтандыру және жол ақысын үміткер өз есебінен төлейді.
Оқу тілі:
- Словакияда білім словак тілінде (немесе чех тілінде), сонымен қатар ағылшын тілінде жүргізіледі.
- Словак (чех) тілін білу деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, өтініште ағылшын тілін білу деңгейін көрсету қажет.
Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың 5 наурызына дейін (қоса алғанда).