SDU University студенті грэпплингтен Әлем чемпионы атанды
24.08.2023

SDU University студенті грэпплингтен Әлем чемпионы атанды

SDU University Педагогика және Гуманитарлық факультетінің физика-информатика мамандығының 3 курс студенті Мұхит Ерлан Алмазұлы World Grappling Champion in Warsaw Әлем чемпионы атанды.

 

Ерлан әлемдік аренада бас қосқан 33 спортшымен бақ сынасып, өзінің шеберлігі мен спортқа деген адалдығының арқасында көк туымызды желбіретті.

 

Университеттегі оқуы мен спортты қатар алып жүрген Ерланның жетістігі –өзінің әкесі әрі бапкері Ихсанов Алмаз мырзаның ерен еңбегі. 

 

Көп жастар мен замандастарына үлгі болған Ерланның жеңісімен құттықтаймыз! Әлемдік биіктерді бағындыра беруін тілейміз! 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: