Шағын гранттарға өтінім беру басталды
18.07.2024

Шағын гранттарға өтінім беру басталды

 

Мемлекет мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру жөніндегі бастамаларды жүзеге асыруға 20 миллион теңге бөледі

 

Қазақстанның үш өңірінде «Азаматтық қоғам күштерімен Қазақстанда ЛсИ әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру» жобасы бастау алды. 

 

Мемлекеттік грант аясындағы бұл жобаны «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі Бірыңғай грант операторының қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырады.

 

Үміткерлер жобалық өтінімдерді дайындау кезінде мүгедектерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, менторлық сүйемелдеу және бизнес-коучинг, кедергісіз ортаны құру, цифрлық сауаттылықты оқыту сияқты негізгі бағыттарды басшылыққа ала алады.

 

«Ағымдағы жылы байқау аясында үш өңірде 20 шағын грант беру жоспарлануда. Атап айтқанда, 10 шағын грант Түркістан облысының, 5 шағын грант Қарағанды облысының және тағы 5 шағын грант Шымкент қаласының еншісінде. Алдағы жылы да шағын гранттарды жүзеге асыруды жалғастыратын боламыз», – дейді «Қорған-М» ҚБ басшысы Диана Қырғызбаева.

 

Мамандардың айтуынша, жобаларды жүзеге асыру мерзімі екі айдан төрт айға дейін жалғасады. 
 

Байқауға қатысу рәсімімен толығырақ танысу үшін https://t.me/inkluzivtik_bastamalar_bot тelegram-бот арқылы жобаның Ережесін жүктеу қажет.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: