2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда ай сайынғы шәкіртақы мөлшері артады
24.08.2023

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда ай сайынғы шәкіртақы мөлшері артады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат студенттерінің шәкіртақысын 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға 15 пайызға, техникалық және кәсіптік оқу орындары студенттерінің шәкіртақысын 50 пайызға арттыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды.

Шәкіртақы мөлшері келесідей болады:

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін) іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, орта білімнен кейінгі білім беретін білім алушыларға – 31 422 теңге;

➡️ Жұмысшы біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын білім алушыларға – 32 681 теңге;

➡️ Педагогикалық оқыту бағыттары мен «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 41 898 теңге;

➡️ Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында педагогикалық оқыту бағыттары мен «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

➡️ Интерндер – 75 890 теңге;

➡️ магистранттар – 97 024 теңге;

➡️ «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша резидент-дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңге;

➡️ Докторанттар – 217 500 теңге.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: