Республикалық «DALA DAUYSY» шығармашылық конкурсы жарияланды
22.05.2024

Республикалық «DALA DAUYSY» шығармашылық конкурсы жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанры бойынша  шығармаларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау және насихаттау мақсатында, Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын жариялады.


Шығармашылық конкурстың жалпы жүлде қоры – 47 млн теңге.

Конкурс 5 номинация бойынша 15 сыйлықты қамтиды:

- «Үздік фольклорлық музыка»

- «Үздік классикалық музыка»

- «Үздік драматургиялық туынды»

-  «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы»

- «Республика әні» (Эстрада жанры)

Мәдениет және ақпарат министрлігінің екі арнайы жүлдесі қарастырылған.

Конкурсқа соңғы екі жылда жазылып, көпшілік алдында жарияланбаған қазақстандық композиторлар мен жазушылардың шығармалары қабылданады.

Өтініш қағаз түрінде 2024 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін, Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1, № 229 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар 2024 жылдың қазан айында марапатталады.


Конкурсқа қатысты қосымша ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан алуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: