Мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» тақырыбына арналған сурет байқауы  басталды. 
26.09.2024

Мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» тақырыбына арналған сурет байқауы  басталды. 

Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа баламалы энергия көздері мен таза энергетиканың болашақтағы маңызын түсіндіру, экологиялық сананы қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

 

Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушылар өз жұмыстарын кез келген техниканы (гуашь, акварель, түрлі-түсті қарындаш, компьютерлік графика және т.б.) қолдана отырып орындай алады. 

 

Жұмыстар 2024 жылдың 23 қыркүйегінен 6 қазанына дейін қабылданады.

 

Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Қорытынды 2024 жылдың 10 қазанында жарияланады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: