Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы грант ұсынады
05.08.2024

Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы грант ұсынады

Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы грант ұсынады. 

 

«В091 Туризм» және «В093 Мейрамхана ісі  және мейманхана бизнесі» мамандықтары бойынша талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері «География – Шет тілі» болуы қажет.

 

ҰБТ-ның жалпы балы 65-тен жоғары («Қазақстан тарихы» және бейіндік пәндер кемінде 5 балл, «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» кемінде 3 балл) болу керек.

 

Атаулы грантқа құжаттар қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады.

 

Барлық сұрақтар бойынша @iuth_official

 

WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 478-42-14, +7 (708) 228-67-12  хабарлассаңыздар болады.

 

Керемет мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: