«Endowment Qazaqstan Halqyna» корпоративтік қоры 850 білім беру грантын бөлді
24.07.2024

«Endowment Qazaqstan Halqyna» корпоративтік қоры 850 білім беру грантын бөлді

2024-2025 оқу жылында “Endowment Qazaqstan Halqyna” корпоративтік қоры жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарында күндізгі оқуға 850 грант бөлді. Соның ішінде Жұбанов университетіне 20 грант бөлінген. 

 

Бірінші кезекте бұл гранттарды ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардың балалары, ата-анасы жоқ немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балалар ала алады. Сонымен қатар мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан, 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және қаңтар оқиғасы кезінде жараланған балалар да бұл грантқа үміткерлер қатарында. 

 

Білім беру гранттары байқауына қатысу үшін құжаттар 1-17 тамыз аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарының қабылдау комиссиясында қабылданады. 

 

Айта кетейік, бағдарламаға  қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

 

Грант иегерлерінің тізімі «Қазақстан халқына» қоры сайтында жарияланатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: