«Болашақ» стипендиясына және «500 ғалым» ғылым тағылымдамаларына құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр
06.08.2024

«Болашақ» стипендиясына және «500 ғалым» ғылым тағылымдамаларына құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр

Естеріңізге салайық, 2024 жылы алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды қабылдау үздіксіз, 25 қазанға дейін жүргізіліп жатыр.

 

Ал конкурстық іріктеу 2024 жылғы 10 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді. «Болашақ» стипендиясына құжаттар egov.kz. порталы арқылы қабылданады «500 ғалым» бойынша өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеу алғаш рет bolashak.gov.kz порталында «Үміткердің жеке кабинеті» бөлімінде онлайн жүргізіледі.

 

Шетелде кадрлар даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға берілуде.

 

«Болашақ» стипендиясы бойынша квоталық санаттар қарастырылған. Олар инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық мамандаржәне ауылдық жерлерден кандидаттар. Олар стипендия тағайындалғаннан кейін оқу орнын таңдай алады.

 

 Үміткерлерге қойылатын талаптармен, басым мамандықтар тізбесімен, университеттер мен ғылыми орталықтардың тізімімен bolashak.gov.kz. сайтында танысуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: