Азаматтық білім беру мектебіне қабылдау ашылды
15.02.2024

Азаматтық білім беру мектебіне қабылдау ашылды

Құрметті жастар! Жыл сайын өтетін Азаматтық білім беру мектебіне қабылдау ашылды.

Азаматтық білім беру мектебі – адам құқықтарын зерттеуге арналған еркін жастар алаңы, онда біз белгілі саясаттанушылармен, журналист, экономист және құқық қорғаушылармен, сондай-ақ бизнес-сарапшылармен танысамыз.

АББМ жастарға не береді?
• өз құқықтарыңыз бен жақындарыңыздың құқықтарын қалай тиімді қорғау керектігін түсіну;
• оқулықтар мен теледидарсыз іс жүзінде ненің қалай болып жатқанын көру;
• танымал адамдармен кездесіп, танысу, бетпе-бет сөйлесу мүмкіндігі.

Осының бәрі – 1 айда, тегін әрі сертификат алу мүмкіндігімен.

Мектеп 2024 жылдың 5 наурызынан 28 наурызына дейін Алматы қаласында өтеді.
Сабақтар: аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері 17:00 мен 20:00 аралығында Алматы Тауэрс-та өтеді.

Қатысушылар: 18-25 жас аралығындағы жастар.
Жұмыс тілі: ҚАЗАҚ ТІЛІ.
Өтінім беру мерзімі: 27 ақпан 23:59-ға дейін.

Орын саны шектеулі! Конкурстық негізде 60 қатысушы іріктеледі. Іріктеуден өткен қатысушыларға 28-29 ақпан күндері шақырту жіберіледі.

Инстаграм канал сілтемеден өтіп, тіркеліңіз: https://forms.gle/BJoT17j7J1UNAwuMA

Сұрақтар бойынша: +7 (771) 4681898, Айнұр Садырбай – координаты АББМоры (жұмыс күндері, жұмыс уақытында).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: