АЛМАТЫДА «JAS GALA» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
15.05.2024

АЛМАТЫДА «JAS GALA» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ


Алматыда үздік шығармашыл жастар марапатталды. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ҚҚ ұйымдастырған Алматы қаласының шығармашыл жастары арасындағы «Жас Гала» фестивалі өз мәресіне жетті

 

Фестиваль Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын қосты. 05 сәуір - 14 мамыр аралығында студенттер вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау және театр бағыттары бойынша сынға түсті. 

 

Ұйымдастыру алқасына байқауға қатысу үшін барлығы 2645-тен астам  студентті қамтыған 30 ЖОО-нан және 23 колледжден 529 өтінім келіп түсті, оның ішінде вокал бағыты бойынша – 161, актерлік шеберлік (театр) бағытына – 56, хореография бойынша – 65, аспаптық орындау – 68, мобилография бойынша – 179 өтінім жіберілді. 

 

«Вокал» бағыты бойынша гран-приды Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк колледжінің студенті Мұхтар Аружан иеленді. Ал, «Аспаптық орындау» бағыты бойынша Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк колледжінің «Парасат» ансамблі, «Хореография» бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Dance Zone 27» би тобы иеленді. «Театр» бағыты бойынша  Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Нүкте» тобы, «Мобилография» бағыты бойынша Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжінің студенті Бейбітұлы Ардақ иеленді.

 

2024 жылғы 14 мамыр күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қалалық студенттік көктем фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Алматы студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Жасұлан Бостандықұлы барша қатысушыларды өз марапаттарымен құттықтап ізгі тілегін білдірді:
«Бүгін мінекей бір айдан астам уақыт бойы жүзеге асқан жоба өз мәресіне жетіп жатыр. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпарлар шықты. Барша жеңімпаздарды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Марапаттарыңыз құтты болсын!»

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: