Алматыда «IQ ALA JASTARY» жобасы аясында интеллектуалды турнирдің IV кезеңі сəтті өтті
19.10.2024

Алматыда «IQ ALA JASTARY» жобасы аясында интеллектуалды турнирдің IV кезеңі сəтті өтті

18 қазан күні Алматы қаласы Жастар Саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» Жастар Қанаты жəне «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен жұмысшы жастар арасындағы ең ауқымды интеллектуалды сайыстың «IQ ALA jastary» IV турнирі «OPEN CUP» өтті.

 

«OPEN CUP IV» турниріне 50-ге жуық жұмысшы жастар бақ сынап, турнирдің екі кезеңінен сүрінбей өтті.

 

Алғашқы кезеңде қатысушылар командалық түрде логикалық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін сынады. Бұл кезеңде команданың үйлесімді жұмысы мен стратегиялық ойлауы ерекше маңызды болды. 

 

Екінші кезеңде сайыскерлерге ситуациялық сұрақтар ұсынылып, олардан шығу жолдарын табу талап етілді. Бұл кезең қатысушылардың креативтілігі мен тез шешім қабылдау қабілеттерін тексеруге мүмкіндік берді. 

 

Əр команда өзара ынтымақтаса отырып, қиындықтарды жеңіп, ерекше шешімдер іздеді.

 

Турнирдің арнайы қонағы ретінде Алматы қаласы Мəслихатының депутаты Серік Есматов қатысып, өзінің құттықтау сөзінде мұндай шаралардың жастардың логикалық жəне сыни ойлау дамуына қосар үлесінің зор екенін ерекше атап өтті.

 

Турнир барысында келесі жеңімпаздар анықталды: 

 

1 орын- «Жел жебелері» тобы

2 орын- «Суперпозиция» тобы

3 орын - «Алаш» тобы

 

Бірнеше кезеңнен құралып, жалғасып келе жатырған ең ауқымды турнир жастардың интеллектуалдық деңгейін арттыруға көмектесті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: