Алматы қаласының жастар ұйымдарына арналған академия құрылады
17.07.2024

Алматы қаласының жастар ұйымдарына арналған академия құрылады

Қалада Алматы қаласы Жастар 

саясаты басқармасыныңқолдауымен 

"Алматы қаласының жастар 

ұйымдарыныңакселераторы" жобасы 

іске қосылуда.

 

Жобаның мақсаты – Алматы қаласында жастар саясаты саласын дамытудың стратегиялық қадамдарын әзірлеу мақсатында тиімді, сапалы және нәтижелі топтық талқылауларды ұйымдастыру.

 

Жоба аясында Алматы қаласының жастар ұйымдарын оқыту бойынша арнайы академия құрылады. Академия модулдік бағыттар бойынша, түрлі тақырыптарда жастар мен жастар ұйымдары мүшелерін оқытады. Академия жобаны басқару, ҮЕҰ ұйымдық-институционалдық дамыту,гранттық өтінімдер толтыру, қаржылық және шығармашылық менеджмент бағыттарын қамтиды. Бұл курс өз қызметін жаңадан бастаған ҮЕҰ-ның барлық өкілдері үшін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу жолын таңдап, оларды қалай сапалы және тиімді жүзеге асыруды білмейтін жастар үшін өте пайдалы және маңызды болады.

 

Аталған жоба Алматы қаласының 8 ауданында өткізіледі. Жоба барысында дөңгелек үстел, форсайт сессия ұйымдастырылады. Сонымен қатар ҮЕҰ бойынша бейнероликтер түсіріліп, талдамалық анықтама жасалынады. ҮЕҰ-дың басшылары мен мүшелерін оқыту үшін жоғары білікті мамандар мен сарапшылар тартылып, оқу жоспарын жүргізетін болады. Жоба аясында 400-ден астам жас білімін жетілдіреді деп күтілуде.

 

Айта кетейік, Алматы қаласы жастары үшін оқыту ТЕГІН жүргізіледі.

 

Алматы қаласының жастар ұйымдары академиясы оқуға қатысқысы келетіндердің барлығын өз курстарында күтеді.

 

Байланыс үшін: жоба менеджері Жақсыбай Жұлдыз +7 702 862 9792

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: