Ақтөбе облысында жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді
13.08.2024

Ақтөбе облысында жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді

Жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 

 

Ақтөбе облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңнің басталуы халықаралық жастар күніне орайластырылды. Тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 1 млрд.теңге бөлінді, оның 500 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен алынды. Жыл соңына дейін өңірде 100-ге жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

35 жасқа дейінгі жас мамандар мемлекеттің қолдауымен баспана сатып ала алатынын айта кеткен жөн. Несиені беру кезінде жастарға: бастапқы жарна – 10%, жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5-6%, қарыздың ең жоғары сомасы – 18-20 млн. дейін, несие мерзімі - 19 жылға дейін сияқты жеңілдік шарттары беріледі

 

Облыс әкімдіктері қызметтің басым салаларын өңірдің кадрлық қажеттілігіне қарай белгілейді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау және т. б. әлеуметтік саланың қызметкерлеріне ерекше назар аударылады.

 

Бүгінгі таңда жас мамандарға жеңілдетілген несие беру елдің 17 аймағында қолжетімді.  Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында мәселе пысықталуда. 

 

Қаржыландыру көзі - жергілікті бюджет пен  «Отбасы банк» АҚ тарапынан бірлесіп қаржыландыру.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: