«9-20-25» бағдарламасымен қанша адам ипотека ала алатынын туралы белгілі болды
22.11.2023

«9-20-25» бағдарламасымен қанша адам ипотека ала алатынын туралы белгілі болды

Премьер-министр Әлихан Смайылов «9-20-25» бағдарламасына қанша қаражат бөлінетінін және қанша адам ипотека ала алатынын айтты.

Жаңа бағдарлама бір айда дайын болады. Оны келесі жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр.

«Оған жыл сайын 150 миллиард теңге керек және 8 мың адам ипотека ала алады. Ол үшін біз 100 миллиардты нарықтан тартуымыз керек. Ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 миллиардов теңге бөлуі тиіс. Сөйтіп, екі ақшаны араластырып, жаңа бағдарламаны бастап кетуге болады. Ол жастарға арналады», - деді Смайылов сенатта өткен брифингте.

Айта кетері, жаңа бағдарламаның негізгі шарттары: 9 проценттік мөлшерлеме, 20 проценттік алғашқы жарна, ал ипотеканың мерзімі - 25 жыл.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: